Тарих және архитектура ескерткіштері

Көпес П.С. Силиннің тұрғын үйі

Көпес  П.С. Силиннің тұрғын үйі – жоспарында екі қабатты,тікбұрышты ғимарат. Қаланың тарихи бөлігінің орталығында орналасқан.  П.С. Силин –Акмолинск қаласының XIX ғ.шебінде  -  ХХ ғ.басындағы көпестер  толқынының жарқын өкілдерінің бірі.

Ескерткіш-ғимарат қала тарихының революциялық кезеңімен байланысты.Уездік Совдептің 1918 жылғы 15 наурыздағы отырысының шешімімен Акмолинск қ. еңбекшілер мүддесін буржуазия қол сұғушылығынан қорғау үшін Қызыл гвардия құру туралы қаулы қабылданды.

Ұйымдастырушылар арасында  Шляшенко, Монин, 3адорожный болды. Командир болып Михаил Авдеев –Акмолинск қ. 1917 жылғы желтоқсанда Петербург әскери-революциялық комитеттің және РКП (б) ОК тапсырмасымен жіберілген балтық матросы тағайындалды.

Қызыл  гвардия  екі ротадан құралды: штаб және бірінші рота бұрынғы типография ғимаратында,екінші рота көпес Силиннің үйінде орналасты.

            ХХ ғасырдың 90-шы жылдары ғимаратта Президент Істері басқармасының медициналық орталығы, 1997-98 жылдары – астананың қоныс ауыстыруы бойынша Комиссия штабы орналасты.

 2005 жылғы 19 мамырда  Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың Қазақстанға ресми сапары кезінде ғимаратта Қазақстан Республикасындағы Беларусь Елшілігі ашылды.

Бірінші қабатта қабылдаулар залы,келіссөздер  және консулдық қызмет бөлмелері орналасқан. Екінші қабатта Елшінің  және дипломатиялық миссия қызметкерлерінің кабинеттері орналасқан.

Ғимарат көлемі 363 шаршы метрден астам аумақты құрайды. 2019 жылдан бастап бұл ғимарат Нұр-Сұлтан қалалық Мемлекеттік мұрағатына табысталды.

FaLang translation system by Faboba