Тарих және архитектура ескерткіштері

Дәрігер Ф.И. Благовещенский тұрғын үйі

Дәрігер  Ф.И. Благовещенский тұрғын үйі қаланың ескі бөлігінде,  С. Сейфуллин және М. Әуэзов көшелерінің қиылысында орналасқан. Үйдің атағы дәрігер  Ф.И. Благовещенский тұрып,жұмыс жасағанда шықты.Советтік кезеңде ғимаратта Орталық бухгалтерлік мектеп болды. Бүгінде  осы үйде С.Сейфуллин музейінің әкімшілігі орналасқан.

Қала тарихында ескерткіш-үй дәрігер Федор Иванови­ч Благовещенсий (1881-1938 жж.) есімімен тығыз байланысты. Осы үйде дәрігер  Благовещенский 37 жыл бойы тұрып,науқастарды қабылдады. Медицинаның түрлі саласындағы білікті маман,әріптестері мен емделушілердің арасында сыйлы болды.  Ф.И. Благовещенский Ақмола қалалық ауруханасының меңгерушісі, Мария атындағы  училишенің оқытушысы.Айрықша жұмысқа қабілеттілігінің,сабырлылығы мен төзімділігінің, медициналық білімін ұдайы  толықтыруға талпынысының арқасында  дәрігер  Благовещенский тера­пияда, офтальмологияда, акушерлікте, гинекологияда, хирургияда,  туберкулезді емдеуде  мол тәжірибе жинақтап,жергілікті жерде ірі маманға айналды.

Ол 1908 жылы Томск мемлекеттік университеті медицина факультетінің  емші мамандығын үздік бітіреді.1908 жылғы 13 қарашадан  1909 жығы  24 ақпанға  дейін  Томск Емханалық-терапевтік клиникада ордина­тор. Осыдан кейін, Батыс Сибирь  стипендиаты санатында Ақмола округының  14 медучаскесінің учаскелік дәрігері лауазымына тағайындалады.  1909- 1930 жылдары Ақмола қалалық аурухананың меңгерушісі, дәрігер,Ақмолалық Мария атындағы әйелдер училищесінде,Мұғалімдер семинариясында  анатомия, физиология және гигиена пәндерінің оқытушысы, 1919 жылдан  - 4-класстық аралас гимназияда дәрігер және гигиена оқытушысы.  Сонымен бірге,  1910 - 1926 жылдары Акмолинскіде сот-медициналық  эксперт міндеттерін атқарады. 1923-1924 жылдары Ақмолалық балалар изоляторында дәрігер.  1929 жылғы   25 ақпаннан  1930  жылғы  3 тамызға дейін Ақмолалық Тубдиспансер  меңгерушісі және округтік аурухананың аға консультанты.

Үй ағаш сәулет өнеріне жатады және XIX­ ғ. соңы  ХХ ғ.басындағы архитектураға тән эклектика стилін көрсетеді

FaLang translation system by Faboba