Тарих және архитектура ескерткіштері

«Октябрь» кинотеатры. ХХ ғ.(«Ақ-сұңқар» қонақ үйінің)

Ғимарат  ХХ ғ. басында салынған.  Салынған кезден   және ХХ ғ. 90- жылдардың соңына дейін  мәдени-сауық орталығы санатында  пайдаланылып келді.

Бірінші  кино­театр (кинематограф) Акмолинскіде  1910 жылы пайда болды.  Кинематограф  «Метеор» -деп аталдыжәне көпестер  А.И.Скворцов пен  Д.В.Егоров  салды. Кинематограф «Метеор» өртеніп кеткеннен  кейін ағайынды Егоровтар жаңасын салып, «Прогресс» атауын берді.

Экономикалық және мәдени өрлеу кезеңінде қалада бірнеше кинотеатрлар жұмыс істеді. Көпшілікке танымал дегендері - «Октябрь» («Ақ-сұңқар» қонақ үйінің қазіргі ғимараты ), «Родина» (Конгресс-холл ғимаратының ауданы ), «Строитель» ( Агрогородок ауданы, қазір ғимаратта пенопласт өндіретін зауыт орналасқан), «Шолпан» (қазіргі Қошкарбаев көшесінде,  «Әлем» СО ауданы).

 2000 жылы  «Октябрь» кинотеатры қайта құруға ұшырады,ғимаратта  мейрамхана және «Европа-Палас» қонақ үйі орналасты,қазіргі атауы - «Ақ-сұңқар). Қонақ үйі ғимаратының алдында қазақ халқының ақыны және сазгері Жаяу Мұса Байжанұлының мүсіні орналасты.

2000 жылғы қайта құру нәтижесінде  қасбеттерінің және ішкі көріністерінің  алғашқы қалпы өзгерді.Қосымша құрылыстар мен бөлшектер пайда болды:қазіргі заманғы күнқағар және бас кірер бөлікте  арыстандардың тас мүсіндері орналасты. Бұрынғы көрермен залында,екі деңгейлі еденнің орнына,эстрадаға бағытталған театр ложасы тәріздес кабиналар  орналасқан жерде үш деңгейлі салынған.

FaLang translation system by Faboba