Тарих және архитектура ескерткіштері

Қалалық басқарма үйі XIX ғ.соңы, Желтоқсан к-сі, 11

М.Горький атындағы Орыс драма театрының әкімшілік ғимараты,бастапқыда қалалық басқарма үйі,қаланың тарихи бөлігінің орталығында,Желтоқсан көшесінде орналасқан.

Бір қабатты жертөлелі, жоспарында Г-тәріздес ғимарат XIX ғасырдың  90-шы жылдары Қалалық басқармаға арналып  салынды да,  қаланың бірінші әкімшілік ғимаратына айналды. Басқарма қаланың өмірінде маңызды саяси,қоғамдық және шаруашылық роль атқарды. Дәл осында Акмолинскінің  барлық істерін басқару жүзеге асырылатын.   1894 жылы Акмолинск қ.Қалалық Думаға сайлау өтті.   1874 жылғы 15 сәуірде дауыс берушілер( депутаттар) қалалық басқарма мүшелерін сайлады.  Қала басшысы болып  Дмитрий Львович Филатов сайланды.

 ХХ ғ.басында қалалық басқарманың белсенділігінің арқасында Акмолинскіде қалалық аурухана,үш ерлер және екі әйелдер приход училищесі,Мария атындағы әйелдер училищесі,Жоғарғы бастауыш ерлер училищесі жұмыс істеді. Соңғы қала басшысы лауазымын көпес Степан Андрианович Кубрин атқарды.

Ақпан революциясынан соң  және билік Уақытша өкіметке көшкеннен кейін басқарма мүшелері Акмолинскіде уездік Атқару комитетін қалыптастырды,бірақ ол ұзақ тұрған жоқ.

Т.И.Бочко басқарған белсенді большевиктік топ 1917 жылғы 27 желтоқсанда Акмолинск қалалық Совдеп құрды, ал 1918 жылғы  2 наурызда Жұмысшылар,шаруалар,солдаттар және мұсылман депутаттарының бірінші уездік съезінде Акмолинск уездік  Совдепі  сайланды және уезде бірыңғай Совет үкіметінің орнатылғаны туралы шешім қабылданды.

Съезд соңында оның қатысушылары қалалық басқармаға барды және салтанатты түрде ғимараттың алдындағы екібасты бүркіті бар бағананы кесіп тастады.

 

 1919 жылы ғимаратта 59 атқыштар дивизиясының штабы орналасты,дивизия басшысы К.И.Калнин болды. Одан кейін әр жылдары осында қалалық және облыстық кітапханалар орналасты.

 2003 жылы қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Бастапқы қалпы,жалпы, сақталған.  

FaLang translation system by Faboba