Тарих және архитектура ескерткіштері

Астана қаласы әкімдігінің ғимараты 1958 жыл

Екі қабатты бұрынғы әкімдіктің үйі қаланың ескі орталық алаңында орналасқан.Ғимарат ХХ ғасырдың 50-жылдарында салынған. Бұл ғимаратта үнемі әр жылдары қаланың әкімшілік мекемелері орналасқан. Аталған ғимаратта қалалық атқару комитеті,тың өлкелік партия комитеті,қалалық партия комитеті және ауыл шаруашылығы басқармасы орналасты. Ғимарат-жоспарында екі қабатты, тік бұрышты, гранит және мрамор тастармен көмкерілген портал мен баспалдаққа симметриялы орналасқан құрылыс «постмодерн» архитектуралық стиль үлгісін құрайды. Бас қасбетке ерекше сән беріп тұрған портал терезе жақтауларының арасындағы жартылай колонналармен әшекейленіп, фронтонмен аяқталады.

Жалпы ғимарат өзінің бастапқы сипатын сақтап қалған,тарихи-мәдени құндылығы бар.

FaLang translation system by Faboba