Тарих және архитектура ескерткіштері

Вокзал

Ескерткіш темір жол құрылысының, ақмолалықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы және тың және тыңайған жерлерді игеру тарихымен байланысты.

Кеңестік кезеңнің бірінші  темір жолы- 1920­-1922 жж. салынған  Петропавл – Көкшетау учаскесі болды.Қазақстанның шеткі аймақтарын дамыту және астық әкетілімі   қажеттілігіне байланысты 1926-1931жж. Бурабай курорты арқылы және  Акмолинскіден Қарағандыға дейін  темір жол ұзарды.

Жалпы ұзындығы  700 км асты.   1929 жылғы 8 қарашада  Акмолинск қаласына бірінші пойыз келіп тоқтады.  1930 жылғы қазан айында  Акмолинск стансасы үнемі қолданысқа қабылданып,  7 тура жолға, 3 қысқа тұйыққа ие болды.

 Акмолинск стансасында 30-шы жылдардың басында бір қабат барақ типтес құрылыс жұмыс жасаған.

 ХХ ғасырдың 50-шы жылдарында Акмолинск және барлық Солтүстік-Қазақстан аймағы үшін жаңа дәуір басталады.

КОКП ОК қыркүйектегі пленумының нәтижесі бойынша Акмолинск қ.тың жерлерде жұмыс жасау үшін көптеген жастар жіберілді. Акмолинскіге бірінші болып 2 наурызда Алматыдан  комсомолдар мен жастар отряды жетті. Бесінші наурызда Кеңес Одағының орталық аймақтарынан келген делегацияны салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. 1954 жылдың бірінші жартысында ғана  Акмолинск қ. тың жерлерді көтеруге 20 мың.астам адам келген.

 1958 жылғы  13 маусымда жол қатынастары министрінің бұйрығына сәйкес Түркістан-Сібір, Қарағанды теміржолдары таратылып, Қазақ теміржолы ұйымдастырылды.

Ол  Қазақстанды Сібірмен, Оралмен, Поволжьемен, Қырғызстанмен және Орта Азиямен қосатын барлық енді және меридиональды желістерді біріктірген, ұзақтығы  11 мың  км  астам,15 бөлімшеден құралған КСРО –дағы ең ірі темір жолға айналды.

FaLang translation system by Faboba