Тарих және архитектура ескерткіштері

Жасыл мешіт қоршауы 1895ж.,Абай даңғылы, 83

Ғасырдың басында болған мешіттің  темір қоршауы қаланың орталық бөлігінде,Абай даңғылында орналасқан. Мешіт бұрынғы Церковный көшесінде орналасты ( қазір Абай және Республика даңғылдарының қиылысы).  Халықтың арасында - «татар мешіті» немесе « жасыл мешіт»- деп аталған. «Татар мешіті» - деп аталуының себебі,ол қажы Мүрсәлім  Миркамаловтың,болыс билеушісі Жәнібек Байбековтің(С.Сейфуллин бабасы )  бастамасымен Акмолинскінің ең бай саудагері,ірі  мал өсіруші, 2-гильдия  көпесі Нұрмұхамед Забировтың жеке қаражатына  1895 ж. салынды.

 Ал «жасыл» аталуының себебі  жасыл бояумен боялуына  байланысты болды.  Мешіт жабылып,қайта құрылған соң  ұзақ мерзім  Пионерлер үйі орналасты. Кейіннен Пионерлер үйі орталық алаңға, бұрынғы  қалалық партия  комитетінің ғимаратына көшірілген соң, ағаш мешіттің қалдығы  алынып  тасталды. ХХ ғасырдың  50-шы жылдары орнына үш қабатты тұрғын үй салынды. Қазір «жасыл» мешіт қоршауының фрагменті ғана, кірпіш бағаналар және металдан соғылған  өрнекті   тор қоршау сақталып қалған. Сақталып қалған учаскенің жалпы ұзындығы 71,5 м.

 Металдан соғылған декоративтік  тор қоршаулар  биік және тұтас болып келген, сылақталған квадрат пішінді   кірпіш бағаналар аралығында орнатылған. Қақпаның және бас кіре берістің кірпіш бағаналары аркамен қосылған. Қоршаудың кірпіш бағаналарының металдан жасалған жабындылары бар.   

FaLang translation system by Faboba