Тарих және архитектура ескерткіштері

«Қараөткел» мұсылман зираты 1609-1962 жж.

«Ақ Орда» ақсақалдар қоғамдық бірлестігінің мәліметтері бойынша «Қараөткел» зиратында 300-400 жыл бұрын жерленгендер бар. Араб жазбаларымен 100-ден  астам құлпытастар орналасқан. Кейбір аңыз-әңгімелерге сәйкес зиратта Тәуке ханның ұлы Сәмеке,Ақмола аға сұлтаны Қ.Құдаймендин, Бөгенбай,Қабанбай,Кенесары батырлардың жауынгерлері,көпес Б.Қосшығұлов және т.б. жерленген.

Ескерткіш жоспарында шаршылы тәрізді,жалпы көлемі 17125 м2 кең зираттар кешенін құрайды.Зираттар кешені астананың Алматы ауданында орналасқан және периметрі бойынша  Гастелло, Тархан, Манас көшелерімен шектелген. Жерлеу орындары кішігірім топырақ үйінділерімен және қабір үстіндегі құрылымдармен- құлпытастармен білінеді.

FaLang translation system by Faboba