Тарих және архитектура ескерткіштері

«Астана-Бәйтерек» монументалды құрылысы 2002 ж.

Монумент Қазақстан Республикасы Тұнғыш Президентінің бастамасымен 1997 жылы астананың Алматыдан Ақмолаға көшуінің символы санатында бой көтерді.Монументтің биіктігі 97м , ол 1997 жылдың - Астананың мемлекеттің жаңа астанасы болып жариялануының және осыған сәйкес ел тарихындағы жаңа меженің басталуының символы ретінде танылады. «Астана-Бәйтерек» монументінде барлығы символикалық мағынада- бәйтеректің ұшар басындағы алтын күн, 97 метр биіктік,әлемнің үш негізін кейіптейтін үш аймаққа бөлінген ішкі архитектура. Монумент Қазақстаннан тыс жерлерде де танымал болып отыр.

Бұл терек,қазақ ой-танымында «бәйтерек» архитектуралық идеясы бойынша металдан,шыныдан,бетоннан жасалған ұланғайыр нысан:биіктігі 105 метр метал қонструкция,салмағы 1000 тонна бес жүз тіреуіш діңгектерге орналасқан. Әлемде бірінші рет, диаметрі 22 метр және салмағы 300 тонна, күннің сәулесінен құбылып тұратын «хамелеон» шыныдан жасалған шар рекордтық биіктікке орналасқан. Жас астананың үстінен көтеріліп тұрған ол архитектуралық жаңарудың, Астананың,Қазақстанның символы.

Монумент жобасының авторы–атақты ағылшындық архитекторНорманФостер. Монумент жобасының жұмысына архитекторлар - А. Рустембековжәне В. Исламов, С.Базарбаев, Ж.Айтболаев, А.Оспанов (интерьерлер), конструкторлар М. Вайнштейн және В. Чере¬панов қатысты. Монумент жобасын даярлауда Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың идеясы жүзеге асырылды.

Негізінде Көктөбенің шыңында өскен,өмір ағашы «Бәйтерек» туралы аңыз жатыр.

Жыл сайын Самұрық құс шың басындағы ұясына алтын жұмыртқа салып отырған.Қараңғы жерасты патшалығында өмір сүрген айдаһар оны ұрлап алып,жұтып отырған. Аңыз әлемнің жаратылысын,өмір мен өлімнің мәнін,қайырымдылық пен зұлымдық арасындағы күресті бейнелейді.

«Бәйтерек» өзінің орналасуымен және композициялық құрылымымен ежелгі көшпенділердің аңыздары бойынша екі дүниенің тоғысындағы  Өмір өзені жөніндегі космогониялық түсініктерін білдіреді.

Оның жағасында өсіп тұрған Өмір ағашы –Бәйтерек тамырларымен жерді ұстап, ұшар басымен көкті тіреп тұр. Ағаштың тамырлары жер асты әлемінде  болса, осыған сәйкес ағаштың өзі мен діңі жер үстінде,ұшар басы аспан әлемінде орналасқан.

Жыл сайын Ағаштың ұшар басына қасиетті Самұрық құс алтын жұмыртқа-Күнді  салады,оны өмір ағашының түбінде тұратын Айдаһар жұтып қояды,бұл нышанды түрде жаз пен қыстың,күн мен түннің ауысуын, қайырымдылық пен зұлымдық  арасындағы күрестің бітіспестігін   білдіреді. 

Ағаштың тамырлары-түркі халқының тамырларын білдіреді:діңгегі мен ұшар басы-тіршілік;алтын жұмыртқа-күн,жарық;тау-Жер,айдаһар-түнек.

Ағаштың ұшар басының орнына идея бойынша ашылғалы тұрған гүл,жұмыртқаның орнына-жартылай шыққан күн,жарқыраған шар орнатылған.                                     Жайқалып өсіп тұрған жас,

мықты«Бәйтерек» ағашы өзінің тарихи тамырларын сақтап қалған жас,мықты тірегі бар және болашақта өркендеуге бағыт алған  мемлекеттің символы болып саналады.

FaLang translation system by Faboba