Тарих және архитектура ескерткіштері

Метеостанса ғимараты

Астана территориясында бірінші  метеорологиялық станса К.А. Лазаревтің  жеке қаражатына 1870 жылғы 1 қарашада ашылды. 

 1873 жылы Бас физикалық обсерватория ынтагерге метеорологиялық бақылау жүргізуге құралдардың толық жинақтамасын  және академик Г.И. Вильд нұсқаулығын жіберді. Жаңа стансаны жабдықтауға   К. А. Лазарев бекіністің оңтүстік бөлігінен,Есіл жағасынан  100 м жерді таңдап алды.

Осы сәттен  К.А.Лазарев Бас физикалық обсерваторияның бас  корреспонденті болды.   КА.Лазарев  кеткеннен кейін  метеостанса 1885 жылға дейін жұмыс жасады.

            Қазіргі ғимарат 1916 жылы салынды.  Метеостанса бір қабат ғимаратын  Николаев бас физикалық обсерватория тапсырмасымен Екатеринбург обсерваториясы салды және қаланың метеорологиялық қызметінің пайда болуымен байланысты. Бүгінгі күнге дейін ол өзінің алғашқы бағыты бойынша пайдаланылып  келеді.

Ғимарат соңғы қосымша құрылыстарды есептемегенде алғашқы қалпын сақтап қалған.

Объект қала құрылысы және сәулет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде. Жалпы,ғимарат сәулеті  орыс халқының тас сәулет  өнері   үлгілерінің бірі  болып табылады.

FaLang translation system by Faboba