Тарих және архитектура ескерткіштері

Көпес үйі 1846 ж.

Бір қабат ағаш үй қаланың ескі орталығына жақын,Сейфуллин және Әуезов көшелерінің қиылысында орналасқан.  

 XIX ғасырдың ортасынан Акмолинск қ. сауда қарқынды дами бастайды. Әдетте, саудагерлер Акмолинскіге  мал алуға келеді. 40-шы жж. өзінде  Владимир губерниясынан, Екатеринославтан, Kypгaннан, Петропавловскіден келген саудагерлер орныға бастайды.

 1846 ж. Акмолинск қ. көпес қауымы өкілдерінің  бірі сатып алған тауарларының есебін жүргізу үшін кеңсеге  арналған жертөлесі бар бір қабат үй салды.  ХХ ғ. онда  «Зорька» балалар  бақшасы орналасты.  

 1988 жылғы 20 ақпанда, С.Сейфуллин қаза болғаннан соң отыз жыл өтіп,  ақталғанан кейін,ҚазКСР Министрлер Советінің өкімімен ғимаратта С.Сейфуллин музейі ашылды.

Музей оның өмірі мен қызметіне байланысты материалдық және рухани құндылықтарды сақтап,насихаттап отырған,қорларында бес мыңнан астам экспонаттары бар- ескерткіш ғимарат.   С.Сейфуллиннің және отбасының,туған-туыстарының құнды фотосуреттері,кітаптар,құжаттар,мұрағаттар материалдарының фотолары мен ксерокопиялары,газет материалдары,жеке заттары,қолжазбалары. Музей экспозициясы алты залда орналасқан. 

 Бүгінде музей Астананың тарихи орталықтарының біріне айналды. Музейде көпшілік шаралар,экскурсиялар,тақырыптық жылжымалы көрмелер және т.б. өткізіледі. 

Коридорлық типтің  жоспарлық құрылымы ғимараттың әкімшілік міндетінен сыр береді. Үй бөренелерден салынған, биік вальмалық  шатыры,шатыр асты (чердак ) бар ағаш құрылыс.

 Жоспарлы жөндеу-реставрациялық жұмыстар жүргізілді  (2008 ж., 2019 ж.), нәтижесінде ғимарат  жаңа,қызығушылық танытатын, мерекелі сипатқа ие болды. Бұрын  бұзылып, тозып тұрған жертөлесі жөнделіп, қоймаға және қызметтік бөлмелерге айналды. 

FaLang translation system by Faboba