Тарих және архитектура ескерткіштері

Концерт залы «Астана» (бұрынғы тың игерушілер сарайы)

Концерт залы «Астана» ( 1999 ж.дейін – Тың игерушілер сарайы) қаланың ескі бөлігінің орталығында орналасқан,  ескі алаңның ансамблін композициялық тұйықтайды. Ғимараттың  құрылысы 1961 жылғы  15 қазанда басталып, 1963 жылы аяқталды. Ескерткіш-ғимараттың пайда болуы  Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игерумен  байланысты. Ақпан айында КСРО Министрлер советі Целиноград қаласында,тың орталығында,Тың игерушілер сарайын салу туралы шешім қабылдады. Сарай  латыш сәулетшілері- П.Ю.Фогелс, О.Н.Крауклис, Д.К.Даннеберг жобасы бойынша салынды. Ол 2 355 орынға арналды және көлемі мен жабдықтау  жүйесі бойынша сол сәтте КСРО-да  Кремль съездерінің  сарайынан кейінгі  екінші орында болды. 

 Салтанатты оқиғаларды,концерттерді, театралды көріністерді дыбыстандыру үшін Сарай қазіргі заманғы дыбысты  күшейтетін аппаратурамен жабдықталды.

Радиорубкамен қатар  киноцех орналасты, онда кең көріністі, кең форматты,кең экранды және әдеттегі фильмдер көрсету үшін кинопроекторлар орнатылды.  1978 жылы  Сарайға  күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді,жабдықтау құралдары алмастырылды және жаңартылды.

Сарай құрылысы  2 жыл және  2 ай жүрді. Тың игерушілер сарайының жалпы құны  - 3 172 169 сом. Тың игерушілер сарайы  жанындағы территориясымен 32 гектар көлемді алды,  ал құрылыс көлемі  64 000 шаршы метр, пайдалы алаң ­9500 шаршы метрге теңелді.Сараймен қатар жеке қазандық және өрт резервуары  салынды.

Бірінші директоры М.С.Шкляев болды.  60-80 жылдары Тың игерушілер сарайына гастрольмен еліміздің көптеген атақты ұжымдары келді, олардың қатарында Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық  опера және балета театры, М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық қазақ драма театры, Пушкин атындағы Ленинград академиялық драма театры, Мәскеулік мемлекеттік оперетта театры.

 90-шы жылдардың соңында ғимарат күрделі қайта құрудан және жетілдіруден  өткізілді.

Тың игерушілер сарайы, қазіргі концерт залы «Астана»  қаланың орталық алаңын  демалыс аймағымен   байланыстырып тұрған  қала құрылысы жүйесінде  маңызды объект болып саналады. Бүгінде ол  бар әлемдік стандартқа сай келеді: оның алты қабатында 158 бөлме және 1600 орындық көрермен залы,оркестр және балет залдары, ресторан және қабылдау залдары бар. Кеңейтілген  сахнасы және «люкс» класты гримдіктері бар.  Сарайдың фойесі жеткілікті   кең әрі жарық, үлкен  көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруға   барынша ыңғайластырылып жасалған.

FaLang translation system by Faboba