Тарих және архитектура ескерткіштері

Гимназия XIX ғ.соңы, (М.Горький атындағы академиялық орыс драма театры)

1899 жылы Акмола қалалық басқармасы және көпес-меценат С.А.Кубрин ғимаратты театрға арнап сатып алу үшін 100 сом бөледі. Сонымен, театр ресми мәртебесін алып, өзінің жеке ғимаратына ие болды. 1899 жылы бірінші тұрақты труппа құрылды. Театрдың бірінші жетекшісі саяси жер аударылған, Семей қаласының императорлық театр актері,Моисеев мырза болды.   

Алғашқы театр маусымы Фёдоровтың «Вспышка у домашнего очага» атты сықақ қойылымымен ашылды.

1913 жылы бұл жерде Г.Әубәкіріовтың бастауымен татар труппасы өз жұмысын бастайды.Осы жылы, Романовтар патшалығының  300-жылдық құрметіне  труппа «Жизнь за царя» («Ивaн Сусанин») қойылымын сахнаға шығарды.

Белгілі театртанушы Б.Құндақбаев, 1918 жылы осы сахнада, С.Сейфуллин қазақ жастарының күшімен «Бақыт жолында» және басқа қойылымдарды қойғанын әңгімелейді.   

Кеңес жылдары үшінші қабаты,сол қанатына сахна қорабы және сол қанатқа және қасбетіне қосымша құрылыстар салынды. 

Соғыс зардабынан 1942 жылы  театр таратылды.  Осы жылдың мамыр айында Ақмолаға пойызбен Ворошилов орыс драма театры келіп жетті. Жергілікті труппа оның құрамына енді. Осылай,қалада қайтадан театр пайда болды. Бір жылдан кейін,ворошиловтықтар еліне қайтты,әртістердің жартысы Ақмолада қалды. Бұдан кейін оларға АЛЖИР-дың тұтқын-әйелдерінің қатарынан  актерлер қосылды. Осы труппаның негізінде  1943 жылы орыс және қазақ бөлімдерінен құралған Облыстық музыкалық-драма театры құрылды. Орыс бөлімін  Олимпиада Луганская, қазақ бөлімін  3а­ғипа Тыналина, кейін Сақыпжамал Гизатулина басқарды. Көп кешікпей,Министрлер Кеңесінің кішігірім   театрларды тарату туралы қаулысына сәйкес театрдың одан әрі тыныс-тіршілігі мәселеге айналды.Алайда,өнер қайраткерлері жол тауып, Атбасар аудандық колхоз-совхоздық жылжымалы театр құрды. Бұл театрды  3ағипа Тыналина басқарды,  Сақыпжамал Гизатулина бірінші көмекшісі болды.  

1955 жылы театр жабылды. 1955 жылғы 10 қыркүйекте  ҚазКСР Мәдениет министрлігінің  Ақмола облыстық драма театрын ашу туралы  бұйрығы шықты. Бас режиссер болып Евгений Орел сайланды. 1959 жылы театрға  Максим Горький аты берілді.

FaLang translation system by Faboba