Тарих және архитектура ескерткіштері

Теміржолшылар сарайы

Теміржолшылар сарайы қаланың солтүстік бөлігінде, теміржол вокзалына  жақын, Жеңіс даңғылы,Ақжайық және Біржан сал к-нің қиылысында орналасқан.

Ғимарат  1954 ж.салынды. Сарай құрылысы қалада заман талабына сай мәдени-ойын-сауық орталығының жоқтығына байланысты басталды.    

1956 жылғы желтоқсанда сәулетші В.Калмыковтың жобасымен салынған теміржолшылар Мәдениет сарайының ашылуы өтті. Көрермендер залы 800 орынға арналды, ғимаратта және 150 орынға арналған кіші зал,үйірмелер жұмысына арналған қажетті бөлмелер,кітапхана,спорт залы орналасты.

 Сарайға  В.И. Ленин аты берілді.  Мәдениет сарайының бірінші директоры ҚазКСР еңбек сіңірген қайраткері  Б.В.Афонин болды.  ХХ ғ. 50-60 жж. барлық қалалық және облыстық маңызды шаралар сарайда өткізілді: партия және шаруашылық активтерінің жиналыстары, конференциялар, ірі концерттік және театралды  ұжымдардың гастрольдері және т.б.

Теміржолшылар  сарайының одан әрі дамуы Тәуелсіздік жылдары болды.Астана қаласын еліміздің саяси және мәдени орталығы санатында дамыту мақсатында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен  2000 жылдың қаңтарында ғимаратта  «Ақорда» опера және балет театры  құрылды.

            2000 жыл Мәдениетті қолдау жылы болып жариялануына орай және қазақтың атақты әнші қызы Күләш Байсеитованы  есте сақтау мақсатында  Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен 2000 жылғы шілдеде Астана қ.опера және балет театры –К.Байсеитова атындағы Ұлттық опера және балет театры болып қайтадан аталды.

Қайта құруға дейін  жалпы көлемі 4500 шаршы м. құраса, одан кейін 10161 шаршы м. болды. Бір үлкен зал, 70 адамға арналған кіші зал, лекция  залы, екі дайындық, 38 гримдік,  бөлмелер,  8 киім ілгіш, дыбыс жазу студиясы, шеберхана, қойма, дәліздер, 70 адамға арналған мейрамхана бар. 

FaLang translation system by Faboba