Тарих және архитектура ескерткіштері

Пионерлер үйі, XX ғ. 60-жылдары

Екі қабатты тас  ғимараттың қасбеті  қаланың ескі алаңына шығып тұр. Алғашқыда  ғимарат Пионерлер үйіне арналып салынды, 1985 жылға дейін онда Целиноград пионерлер  ұйымы орналасты. Пионерлер ұйымы Совет Одағының батыры –Юрий Малахов атында болды. Пионерлер үйінде балалар үйірмелерінің және клубтарының тұтас жүйесі жұмыс жасады,неғұрлым көпшілікке танымалы –«Интернационалдық достық клубы» (Клуб интернациональной дружбы ) болды. 

1985 жылдан кейін ғимаратта қалалық білім басқармасы, ал 1996 жылы – ҚР  Президентінің Іс басқармасы орналасты. Соңғы кезде ҚР Президенті Іс Басқармасының «Алатау» қонақ үйі  орналасқан.

2003 жылы қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Алғашқы сипаты баршама  сақталған. Ғимараттың тарихи және архитектуралық құндылығы бар.

Юрий Николаевич Малахов, гвардия кіші  лейтенанты, 2-ші гвардиялық танкылық Тацин Қызыл Ту орденді  2-ші дәрежелі Суворов орденді корпустың 26-шы гвардиялық танкылық Ельнен бригадасының взвод командирі,1925 жылы Орынборда жұмысшы отбасында туған.  

Орыс.  1944 жылдан КОКП мүшелігіне кандидат.  Орта мектепті 1943 жылғы қаңтарда бітіргеннен кейін Қызыл Армия қатарына шақырылады.Комсомол жолдамасымен оны Полтава танк училищесіне жібереді,сонан соң  1944 жылы мамыр айында майданға  аттанады.  1944 жылғы маусымнан—  1944 жылғы 20 қазанға, қаза болғанға дейін  3-ші  Беларусь  майданында шайқасты, Белоруссияны, Литваны азат етуге,Шығыс Пруссия территориясында жауды талқандауға  қатысты.

Совет Одағының Батыры атағы  Ю.Н.Малаховқа  1945 жылғы 24 наурызда қаза болғаннан кейін  тең болмаған  шайқаста көрсеткен айбыны мен ерлігі үшін берілді. Ю. Н. Малахов танкылық бөлім жеке құрамының тізіміне мәңгілікке есепке алынды.   Калининград облысы Гусев қаласында жерленген. Оның атымен Калининград балық флотының траулері аталады.

FaLang translation system by Faboba