Тарих және архитектура ескерткіштері

П.Г.Моисеев үйі 1914-1918-1921 жж.

Екі қабат кірпіш ғимарат қолданыстағы жертөлесімен 1914  жылы көпес П.Г.Моисеевтің тұрғын үйі санатында салынды.Ескерткіш Ақмола аймағында кеңес үкіметін орнатумен байланысты. Осы ғимаратта  1918 жылы Ақмола уездік жұмысшылар,солдаттар,шаруа және мұсылман депутаттарының советі және РКП (б) уездік комитеті орналасты,1921жылы   Ишим ақ-кулактар бандасының шабуылы кезінде Акмолинск қ.қорғанысын басқарған  уездік комитет болды.1920жылы ғимаратта питерлік жұмысшы П. Греков басқарған уездік қалалық комсомол комитеті орналасты.

Қазір ғимаратта Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне арналған Орталық клиникалық госпиталь орналасқан.ҮЙ  қайта құру жұмыстарынан өткен. Шығыс жағынан үш қабат аурухана корпусы жалғастыра  салынды. Бұрынғы кіру есіктері бітеліп тасталған,олардың орнына Бөкейхан көшесі жағынан жаңа кіру есігі  салынды.

Архитектуралық мәнері ХХ ғасырдың басындағы эклектикадан көрініс береді.Ғимарат қасбетінде  флоренциялық ерте Ренессанс сарайлық архитектура формалары жаңғыртылған. Бұл стиль ұшталған кірпіштен мәнерлеп қалаған терезе ойықтарынан  және карниздардан айқын көрінеді.

Қазіргі уақытта бұл ғимаратта ҰОС мен Чернобыль ардагерлеріне арналған госпиталь орналасқан.

FaLang translation system by Faboba