Тарих және архитектура ескерткіштері

Көпес В.М. Кубрин үйі және жапсаржайы 1910-1912жж.

Василий Матвеевич Кубрин тұрғын үйін  1910  жылы мәскеулік сәулетші жертөле қабаты биіктетілген,бір қабат жекежай түрінде салды.

 Архитектуралық мәнері - ХХ ғасырдың басындағы эклектика. Ол бір жарым қабат үйден,жертөле үй-жайы бар қосалқы үйден және  қосалқы үйді дүкенмен  байланыстырған жер асты жолынан( кейін жер асты жолы бітеліп тасталған), күйме-пәуескелер орналасқан ат қорадан және тас –жер қоймалардан тұрды. Үй-жайдың ауласында ағылшын мәнерінде бақ орнатылған.

Бүгінде аулаға көрік беріп тұрған ағаштарды  кезінде кәсіпкер өзі отырғызған. Жекежай өзінің архитектурасымен басқа көпес құрылыстарынан дараланып тұрды. Ескерткіш, сонымен бірге, тарихи оқиғалармен де байланысты: жекежайда жұмысшы-шаруалар клубы,кітапхана,қалалық уездік атқару комитеті орналасты. 1920 жылғы  қазанда  «Бірінші Советтер үйі» -деп оның атауы ресми өзгерді. 1921 жылғы 24 ақпанда – революциялық  үштіктің штабы, ОГПУ, НКВД  және  милиция орналасты.

ХХ ғасырдың ортасында ғимаратта қалалық білім басқармасының бөлімі және Пионерлер үйі жұмыс істеді.  ХХ ғ. 80-жж. ғимаратта  облыстың революцияға  дейінгі тарихын, Ұлы Октябрь революциясы  кезеңінің оқиғаларын, азамат және Ұлы Отан соғысы жылдарын, тың жерлерді игеру, соғыстан кейінгі бесжылдықтарда орын алған кеңес халқының әл-ауқатын арттыруға қатысты тарихи оқиғаларды бейнелейтін мыңдаған экспонаттар орын алған өлкетану музейі орналасты. 

2000 жылдан 2019 жылға дейін бұл ғимаратты Украин Республикасының Елшілігі  орналасты. Қазіргі кезде бұл ғимарат Нұр-Сұлтан қалалық Мұрағатының меншігіне табысталды.

Василий Матвеевич Кубрин –   XIX ғ.соңы -  ХХ ғ.басындағы ірі Ақмола көпесінің, «Матвей Кубрин с сыновьями и Ко» сауда үйінің негізін салушы Матвей Константино­вич Кубрин  ұлы.

Қалалық басқарманың мәліметтеріне сәйкес 1912 жылғы  19 маусымға  В.Кубрин сауда үйінің  сенім жүктелген адамының атына бес тұрғын үй тіркелген. Дүкендер мен қоймаларды санамағанда. Василий Матвеевич екі  экипаж,  қалаға шығатын төрт ат ұстаған және барып тұрған аңшы болған.

Ол отбасылық дәстүрлерді жалғастырды,коммерциялық қызметте жетістіктерге жетіп,қаланың қоғамдық және мәдени өміріне белсенді араласты.

 

FaLang translation system by Faboba