Тарих және архитектура ескерткіштері

Көпес Д.В. Егоровтың үйі XIX ғ.соңы,

Ескерткіш-үй XIX ғ.соңындағы тұрғын үй архитектурасының үлгісін көрсетеді. Ол ақмолалық көпес  Д.В. Егоровтың үйі.  Ғимаратта көп жылдар бойы қалалық әскери военкомат, кейін әскерге шақыру пункті орналасты.Бүгінде қайтадан военкомат орналасқан. 

Ағайынды көпестер Д.В. Егоров және П.В. Егоровтар серіктестігі Сібірлік сауда банкы ғимаратының төменгі қабаттағы екі секциясында орналасты. Бұнда серіктестіктің  жерқоймасы (ренский погреб ) болды,онда қымбат жүзім шараптары сатылатын және жыл бойы сөрелерден   жеміс-жидек  кетпейтін.

Ғимарат  кірпішті өрнектеп  қалау техникасында орындалған,жоспарында ұзына бойы,тікбұрышты,көлемі кейінгі кезеңнен. Ол ХІХғ. соңы ХХғ. басына тән сәулет өнерінің «кірпіш» стилін  көрсетеді.

Ғимарат бірнеше рет (1999ж., 2003ж.). қайта құруларға ұшыраған,осының барысында алғашқы қалпын шамалы  жоғалтқан.

1999 жылы ғимаратқа қайта құру жұмыстарын жүргізу барысында бастапқы сыртқы қалпы  өзгерген. Карниздың, қабаттар арасындағы белбеудің және жақтаулардың   декоративтік кірпіш қалауы және қасбеттерінің  жазықтығы сылақтың астында қалған. 

 Шатыры биіктетілген. Толқынды шатырдың металл жабындысы черепица жабынқышпен алмасқан. 2003 жылы қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.Айтарлықтай өзгерістер енгізу мақсатында қасбеттері   декоративтік кірпіш қалаумен  безендірілді. Ғимараттың шығып тұрған элементтері-карниз,қабат аралық белбеу, жақтаулары мерекелік,декоративтік сипат берумен бірге,өткен ғасырлардың рухын сезіндіреді.  

            Д.В. Егоров – ХХ ғ. атақты ақмолалық көпес және тоғышар. Д.В.Егоровтың өмірі мен қызметі туралы мәліметтер аз. 1910 жылы  А.И.Сквopцoвпен бірге Акмолинскіде   бірінші кинотеатр - «Метеор» салған.  1913 жылы  бауыры  П.В.Егоровпен бірге тағы  бір кинотеатр көтерді, оған  «Прогресс» атауын береді.

FaLang translation system by Faboba