Тарих және архитектура ескерткіштері

Көпес С.А.Кубринның ауруханасы 1880 ж.

Кірпіштен қаланған екі қабат аурухана ғимараты қаланың тарихи орталығының шығыс жағында,Республика даңғылы және Ә.Жангелдин көшесінің қиылысында орналасқан.

Ғимаратты 1880 жылы көпес, Акмолинск қаласының басшысы Степан Андрианович Кубрин Мәскеуде медициналық білім алған жиеніне арнап салдырған. Аурухана 16 жатын орынға арналған болды:мұнда тек ауқатты азаматтар емделетін.Кеңес жылдары осында онкологиялық диспансер орналасты.Қазір ғимаратта «Республикалық космостық байланыс және радиоэлектрондық құрылғылардың электромагниттік сәйкестігінің орталығы» АҚ орналасқан.

100 жылдан астам уақытта бұл объект көптеген өзгерістерге ұшырады. Қосымша үй-жайлардың жетіспеуінен аурухананың айналасында түрлі мақсаттағы көптеген жапсаржайлар салынды, аурухананың өзі қайтадан құрылды,осылай оның функционалдық мүмкіндіктері артқанмен тарихи құрылыс санатында кейбір ерекшеліктерінен айырылды.

Ғимарат композициялық көрінісімен, қасбеттерінің мәнерлігімен ерекшеленген қаланың XIX ғасырдағы ерекше құрылыстарының бірі болып саналады.Бұл қаладағы бірінші аурухана ғимараты.

FaLang translation system by Faboba