Монументалды өнер

«Астана» мүсіні

Мүсін қоладан орындалған және  айрықша нәзіктік беріп тұрған  параллипед түрінде жасалып, бұрыштары көрнекті  кесілген мәрмәр тұғырда орналасқан. Мүсіндік композиция  авторы  ҚР Суретшілер одағының мүшесі, мүсін өнерінің  доценті А.Х. Баярлин.

Мүсіндік композиция «Астана»- Ж. Тәшенов көшесіндегі скверде орналасқан.Скверде көз тартатын кіші архитектуралық формалар орналасқан,солардың  композициясында орталықта тұрған «Астана» мүсіні.

Ескерткіш  2002 жылғы 26 маусымда ашылды. Қоладан жасалған «Астана» мүсіні  ұлттық киімдегіі қыздың бейнесін көрсетеді.Оның қолында қазақ халқының дәстүрлі музыкалық аспабы-домбыра. Көркем де сәнді қыз фигурасы қазақ халқының музыкалық және рухани болмыс-бітімін  айшықтайды. Оның аяғының астында ұлы даланың киелі нышаны-жусан шөбі өсіп тұр. Жас қыздың бейнесі жас астананы,сұлулықты,достық қалыпты,Қазақстанның мейірімді ниеттерін,басқа халықтарға және континенттерге   ашықтығын білдіреді.

FaLang translation system by Faboba