Монументалды өнер

Мозаикалық паннолар «Ғарыш» және «Баспасөз»

1972 ж.,  Полиграф-комбинаты ғимаратының бас қасбеті,  Бейбітшілік к-сі, 25

Мозаикалық  паннолар «Ғарыш» және  «Баспасөз» бұрынғы полиграфиялық комбинаттың(Бейбітшілік, 25) бас қасбетінде орналасқан.

Мозаикалық  паннолардың авторлары  суретші-монументали­стер  В.И. Товтин (1935-1997 жж.) және  М.Я. Антонюк (1935-1993 жж.). Мо­заикалық панно «Баспасөз» (сол жақ)  және  «Ғарыш» (оң жақ)  1972 жылы орнатылды.

Бұл жұмыстардың негізгі идеясы мен тақырыбы - А. Құнанбайұлы, Ш. Құдайбердіұлы, М. Әуезов, С. Сейфуллин, Т. Шевченко, В. Маяковский  және т.б.ақындар мен жазушылардың,суретшілердің біздің заманымызға  дейін бейнелеп  жеткізген сөз,баспасөз бостандығы,прогресс.

Кеңестік болмысты «Баспасөз» мозаикалық панноның композициялық орталығы болып саналатын ашылған кітап аясындағы жігіт пен  қыз  кейіптейді. Композицияны «А» әрпі тұспалдап тұрған «басында сөз болды»  ойлау жүйесі аяқтайды.

Келесі  «Ғарыш» панносы ұлттық киімдегі жас қыздың  бейнесінде ғылым мен техниканың  ілгері дамуын кейіптейді.

Екі панно  да  өзінің идеялық мазмұнымен біздің замандастарымыздың ойлау жүйесімен және талпыныстарымен,Тәуелсіз Қазақстанның мұратымен,идеяларымен үйлеседі.Шығармалар өзінің  идеялық-көркемдік мәнін жойған жоқ және бүгінгі күнге дейін қала сәулетінің сәнін келтіріп тұр.

Бұл паннолардың  ХХ ғ.70- жылдардағы монументалдық  өнердің теңдессіз көркем шығармалары санатында тарихи-мәдени  құндылығы зор.

FaLang translation system by Faboba