Археология

Сарқырама қорымы

Сарқырама қорымы, Нұр-Сұлтан қаласының оңтүстік-шығыс шетінде, Қосшы ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 4 шақырым жерде орналасқан және ерте орта ғасырға жатады.

2 қыркүйек 2018 жылы Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы Қ.Акишев атындағы археология ҒЗИ археологиялық зерттеулер  жүргізілді.

Сарқырама обасын обасын зерттеу кезінде ірі қара, қой, темір қазан сүйектері табылды, бұл жерде қорған емес, тұрғын үй объектісі болғанын дәлелдейді. Тұрғын үйді зерттеу нәтижесі бойынша 1,8 м биіктікте болған. Шатырдың жоғарғы жағында ылғалды саз және шым жабылған. Сарқырама қонысы XIX ғасырдың екінші жартысында болған, бұл туралы 1870 ж. патшалық монета дәлелдейді.  Сондай-ақ, осы уақытта Кузнецовтар фабрикасының таңбасы бар фарфор ыдысының табылған фрагменттері даталанады.  Археологиялық қазба жұмыстары барысында темірден жасалған көптеген бұйымдар жиналды-сабы бар темір қазанының фрагменті, қазандықтың жоғарғы бөлігінің фрагменттері. Сарқырама қонысын зерттеу үлкен ғылыми маңызға ие, ол қазақтарда Сарқырама қонысын қазу кезінде табылған "қыстау" және "күзеу" қоныстарының бірнеше түрінің бар екендігін айғақтайды.

FaLang translation system by Faboba