"Қазақ елі" монументалды кешені

"Қазақ елі" монументалды кешені. Климаттың маусымдық өзгеруіне байланысты мұздың еруі, жауын-шашынның болуы салдарынан монументальды кешеннің техникалық орын-жайында бірнеше рет су сорылды. Дирекция "Универ Астана" ЖШС-мен бірлесіп атмосфералық жауын-шашынды бұру бойынша жұмыстар жүргізді және еңісті сақтай отырып, құбырлар салынды, сондай-ақ 3 дана бақылау құдықтары орнатылды. Монументалды кешеннің тіреуіш құрылымдары мен қаптамасын зерттеу жұмыстары жүргізілді. "Гормонтажпроект" ЖШС-мен бірге көтергіш құрылыс конструкциялары мен қаптау материалдарының техникалық жағдайының кешенді мониторингі бойынша жұмыстар орындалды. Монументтегі динамикалық сөндіргішті жөндеу және қызмет көрсетуді "Золотухин" ЖК жүзеге асырады. "Универ-Астана" ЖШС-мен бірлесіп жөндеу жұмыстарын жүргізуге өткізілген конкурстың нәтижесі бойынша монументтің нөсер кәрізінің сыртқы желісіне күрделі жөндеу жүргізілді

FaLang translation system by Faboba