Тарих және архитектура ескерткіштері

Бұрынғы мұсылман мектебі

Ғимарат қаланың орталығында, Абай  және Республика даңғылдарының қиылысында орналасқан. Ескерткіш тарихы білім беру саласымен  байланысты, осында ХХ ғасырдың басында Акмолинск қ.  бірінші мұсылман мектебі орналасты.  

1907 жылдан медресе жанында 27 оқушылар оқыған  қырғыз-татар мектебі жұмыс жасады. Кейін мектеп 7-жылдық болып қайта құрылды. №29 үйде қыз балалар, ал №31 үйде ұлдар оқыды.

1912 жылы бұл мектепте көрнекті ақын, жазушы,мемлекет және  қоғам қайраткері С.Сейфуллин сабақ берді. Бүгінде  екі ғимарат 1991 жылы құрылған Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театрының қойылымдық цехтарына  пайдаланылады.

Ескерткіш ХІХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың басындағы ағаш сәулет өнері құрылысының  шет аймаққа тән өзіндік үлгісі болып  саналады.

Ағаштан ойылған сан-алуан өрнектер терезе жақтауларын,  подзорларды,карниздерді және қосарланған декоративтік есту терезелері  орналасқан  өрнектелген  фронтонның орталық бөлігін безендіріп тұр.    

Бұрынғы мұсылман мектебі республикалық маңызы бар ескерткіш болып саналады.

Бүгінгі кезде бұл ғимаратта Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тарихи-мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі дирекция» МКҚК

FaLang translation system by Faboba