Іс-шаралар

"Нұр-сұлтан - Менің Астанам" фотокөрмесінен Ақмоламен байланысты көптеген оқиғаларды білуге болады. Көрме 19 ғасырдағы Ақмоланың ерекше атмосферасына енуге мүмкіндік береді.

Архитектуралық ансамбльдер Астанамыздың тарихи ширегіне көрік береді. Ол шын мәнінде әлі күнге дейін таң қалдыратын керемет ғимараттардың қасбеттерімен әшекейленген. Бірақ, ғимараттардың тарихы туралы, оларда өмір қалай өрбігені туралы тереңірек жасырылған нәрсе әлдеқайда қызықты. Қызыл күйдірілген кірпіштен жасалған қалалық басқарма ғимараты ою-өрнектеу техникасымен сақталған. 1899 жылы Ақмола қалалық басқармасы, театрға ғимарат сатып алу үшін ақша бөледі. Театр ғимараты XIX ғасырдың аяғындағы классикалық стильдің сәулет үлгісі болып табылады. Біздің қаламыздың бірнеше тарихи нысандары көпес Кубриндердің әулетінің атымен байланысты. Көпес Степан Кубриннің тапсырысы бойынша 1880 жылы Ақмолада аурухана салынды. XIX ғасырдың бұл ерекше құрылысы осы уақытқа дейін сақталып, сәулет-көркемдік құндылығы бар ғимарат болып табылады.

Елорданың сәулеттік қазынасын Кенесары көшесінің бойында көруге болады. Тарихы қаншама ғасырдан тұрсада, әрқашан қиялды оятатын үйлерде бар. Бұл ғимараттар сұлулығымен және әсемдігімен ғана емес - бұл өмірді аңыздар мен қызықты деректермен де толтырады. Ең әсем ғимараттардың бірі қазір қаланың тарихи бөлігін безендіріп тұрған көпес Василий Кубриннің тұрғын үйі болды. Ақмоланың архитектуралық мұрасының жарқын мысалы Матвей Кубрин сауда үйінің ғимараты болып табылады. Дүкен ғимараты жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіші болып табылады.

Біздің қаланың ескі құрылысы тас архитектурасының бірегей ғимараттарымен ерекшеленеді. Қазіргі метеостанция ғимараты 1914 жылы салынған және осы уақытқа дейін бұл ғимарат өзінің бастапқы мақсаты бойынша пайдаланылып келеді.

Тарихы- революциялық кезеңмен және азаматтық соғыспен байланысты Ақмоланың сәулет құрылыстары сақталған. Көпес Моисеевтің бұрынғы үйінде әскери кеңес орналасқан. Ал көпес Силиннің үйінде Қызыл Армия жауынгерлері орналасқан. XIX ғасырдың аяғындағы сәулет өнеріне Ақмоланың көпесі Д. Егоровқа тиесілі үй жатады. Бірінші кинотеатрдың ашылу тарихы Егоровпен де байланысты болды. Ескі Ақмоланың алғашқы кинотеатрларының өзіндік тарихы бар. Бұрынғы "Октябрь" кинотеатрының ғимараты тарих және мәдениет ескерткіші болып табылады. Жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени мұра ескерткішіне "Есіл" қонақ үйінің ғимараты да жатады.

70-ші жылдардың ортасында ғимараттардың көптеген қасбеттері бай мозаикамен безендірілген. 1972 жылы құрылған мозаикалық паннолардың жарқын палитрасы өзіне назар аудартады және бүгінде елорданың қалалық сәулетінің әшекейі болып табылады. Қаланың тарихи-мәдени мұрасының ескерткіштері біздің елордамыздың қонақтары мен тұрғындары үшін бірегей құндылық болып табылады. Нұр Сұлтан - өткенді, бүгінгі мен болашақты біріктіретін тарихи аумаққа негізделген қала.

FaLang translation system by Faboba