Іс-шаралар

Елордамыздың тарихы және қазіргі заманғы тыныс-тіршілімен «Нұр-Сұлтан – Менің Астанам» фотокөрмесінен танысуға болады. Фотосуреттер Ақмоланың бай өмірі туралы, сақталған үй-жайлар мен олардың бұрынғы иелері жайлы, қаланың архитектуралық ерекшеліктері және Бозоқ қалашығының тарихы туралы сыр шертеді.

Бозоқ – бұл бірегей тарихи-мәдени нысан. Қазіргі елорда орнында алғашқы қоныстың 7 ғасырда пайда болғаны туралы археологиялық қазбалар арқылы анықталды. Бозоқ қалашығының ашылуы мен зерттелуі Қазақстанның жас астанасының жасын мың жылға жылжытады, бұл аймақтың ежелден бері ерекше таңдалуы мен тартымдылығын растайды.

Қазақстанның архитектуралық інжу-маржандарының бірі-оның астанасы-Нұр-Сұлтан қаласы. Ұлы даланың шексіз кеңістіктерінің арасында Есіл өзенінің жағасында таңғажайып қала орналасқан. Қазіргі қаланың тарихы Ақмола бекінісінің құрылысы кезеңінен яғни 1830 жылдан бастау алады. Ақмола көптеген көпестерді тарта отырып, маңызды сауда торабы болды. Олардың тарихы туралы көпес үйлері әңгімелейді, олар бүгінде елордамызға ерекше сәулеттік көрініс береді.

19 ғасырдың аяғында сақталған ағаш сәулет өнерінің ескерткіштерінің бірі Ақмола орталығында салынған үйлер болып табылады. Бұл үйлердің дәстүрлі көркемдік ерекшеліктері тұрғындарға бүгінгі күні де әсер етуде. Бірыңғай стильде орындалған ғимараттар бір-бірін толықтырып, Әуезов көшесінде бірыңғай сәулет ансамблін құрады. Дәрігер Благовещенский үйі мен Сәкен Сейфуллин музейінің ғимараты жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер болып табылады. Республикалық маңызы бар тарихи-мәдени мұра ескерткішіне Отырар көшесіндегі бұрынғы мұсылман мектебінің ғимараты да жатады.

Ақмола көпестерінің арасында Баймұхамбет Қосшығұловтың есімі кеңінен белгілі болды. Ақмола облысында "Зеленые ряды" дүкені мен кондитерлік фабрикасын ашты. Осы күнге дейін Қосшығұлов өз қаражатына салған мұсылман жастарына арналған бұрынғы мектеп ғимараты сақталған. Ескерткіш Абай даңғылында орналасқан және күйдірілген кірпіштен жасалған ғимарат болып табылады, ол 19 ғасырдың соңына тән өрнектеу техникасымен жасалған.

Архитектурно-историческую ценность представляет собой каменное ограждение существовавшей в начале века мечети. Мечеть находилась на бывшей Церковной улице, ныне проспект Абая. До наших дней сохранился лишь фрагмент ограждения «зеленой» мечети.

Әсем қаламыздың тарихы көптеген қызықты фактілерге толы және олар туралы сіз «Нұр-Сұлтан - менің астанам» фотокөрмесінен біле аласыз, ол елордамыздың таныс болып көрінетін кварталдары мен көрікті жерлеріне жаңаша көзқараспен қарауға көмектеседі, бұл көрме сіздерге қаламыздың тарихына енуге мүмкіндік береді.

FaLang translation system by Faboba