Іс-шаралар

Ақпан айының 27-сі күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тарихи-мәдени мұра объектілерін және ескерткіштерді сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі дирекция» МКҚК-ның «Мәңгілік ел» салтанатты қақпа экспозициялық-көрме бөлімінде Ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына орай «Абайды танып, біл!» атты лекция ұйымдастырылды. Шараға Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің І курс студенттері қатысты. Шараның басты мақсаты қазақ халқының ұлы тұлғасы, қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын, қоғамдық қызметін, ақын мұрасын жас ұрпаққа таныстыру және насихаттау.

Сабақ барысында студенттерге Абай Құнанбайұлының шығармашылығына қатысты архив деректері және Абайдың Қазақстандағы және әлем бойынша орнатылған ескерткіштері бойынша слайдтар көрсетіліп, ақпарат берілді. Сонымен қатар Абайдың «Ғылым таппай мақтанба», «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес», Жыл мезгілдеріне арналған өлеңдері оқылып, викториналық сайыстар ойнатылады. Сабақта Абай Құнанбайұлының фотосуреттері, шығармашылығына қатысты деректер, баспа өнімдері оқушылар мен ұстаздарға таныстырылды. Лекция – сабақта алған мәліметтер арқылы студенттер өз білімдерін толықтырып, жаңа ақпараттар алды.

FaLang translation system by Faboba