Іс-шаралар

1985 жылдан бастап БҰҰ Бас ассамблеясының шешімімен жыл сайын 5 желтоқсан Халықаралық еріктілер күні аталып өтеді.

12 желтоқсан, 2019 жыл Исаева М.А. дирекция маманы, «Нұр-Сұлтан» сауда-экономикалық колледжінің студенттері үшін «Мәдени мұраны сақтаудағы еріктілер қозғалысының рөлі» тақырыбында дәріс өткізді. Дәріске жастар істері комитетінің өкілдері қатысты. Колледж студенттері жастар жобаларына еріктілер ретінде қатысады. Мұражайларға, театрларға, кітапханаларға мәдени волонтерлікті дамыту үшін көмек қажет ...

Мәдени еріктілік - еріктілік саласындағы жаңа тәуелсіз бағыттардың бірі. Еріктілер сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруге қатысады, кітапханалар мен мұражайлар коллекцияларымен жұмыс жасайды, ескерткіштердің іргелес аумағында қоғамдық жұмыс күндерін ұйымдастырады, қаланың қоғамдық орындарында ірі мәдени шаралар мен фестивальдерді ұйымдастыруға көмектеседі ...

FaLang translation system by Faboba