Іс-шаралар

2019 жылдың 29 қарашасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Дирекцияның көрме залында 1 санатты экскурсия жүргізушісі М.А. Исаева «Нұр-Сұлтан қаласының тарих беттері» атты фотокөрмесі  бойынша №18 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушыларына экскурсия өткізді.

Бұл фотокөрме біздің астанамыздың тарихына арналған. Орта ғасырлық Бозоқ қонысына, Ақмоланың ағаш сәулет өнерінің архитектурасына байланысты сюжеттер призмасы арқылы қазіргі заманғы Нұр-Сұлтан сәулет өнеріне дейін оқушылар Жас Астананың тарих атмосферасына үңіле алады.

FaLang translation system by Faboba