Іс-шаралар

«Нұр-Сұлтан қаласының тарих беттері» фотокөрмесі бойынша экскурсияны «Астананың естелік орындары» викторинасымен қоса өткізу оқушылар арасындағы танымдық және тәрбиелік жұмысты жетілдірудің тиімді түріне айналғаны құптарлық болып отыр. Экскурсия соңында оқушылардың туған қаласы жайындағы білімдерін саралау мақсатында викторина өткізіледі.

Викторина - бұл оқушыларды диалогқа тарту, олардың назарын, қызығушылығын арттыру, өз ой-пікірлерін айтуға, қорытынды жасауға және талдау жүргізуге мүмкіндік береді.

2019 жылдың 29 қарашасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Дирекцияның көрме залында Дирекцияның маманы, 1 санатты экскурсовод М.А. Исаева Нұр-Сұлтан қаласындағы №83 мектептің 7 сынып оқушылары үшін «Нұр-Сұлтан қаласының тарих беттері» атты фотокөрмесі бойынша экскурсия өткізді.

FaLang translation system by Faboba