Құрметті қала тұрғындары және қонақтары!

Тарихи - мәдени мұра ескерткіштері мен объектілеріне ұқыпты қараңыз, бұл астананың визит карточкасы, қала тарихы, сіздің мақтанышыңыз, мұраларыңыз.

FaLang translation system by Faboba

ҚР Символдары

Ұйым туралы

Құрметті Нұр-Сұлтан тұрғындары мен қонақтары!

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі дирекциясы» МҚКК 2014 жылы 24 желтоқсанда құрылған. Мемлекеттің қорғауында тарихи-мәдени маңыздылығына ие 46 ескерткіштер мен объектілері бар, олардың ішінде: 2 республикалық маңызы бар және 44 жергілікті маңызы бар.

Нұр-Сұлтан, мәдениеттің көп этностық ортасы болып табылады, бұл сәулет және монументті өнер ескерткіштерінен көрінуде. Бозоқ қалашығы, үнсіз қорғандар, күпес В.Кубриннің үйі, күпес П.Моисеевтің үйі, Б.Қосшығұлов мектебі, Константино-Еленинская шіркеуі, Жәнібек және Керей хандардың, Абай, А.Пушкин, Ж.Жабаев, Шарль де Голь, Б.Момышұлы, В.Панфилов ескерткіштері және тағы басқасы мәдени-тарихи құндылықтар болып табылады, өйткені материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерімен көрсетілген. Тарих және мәдениет ескерткіштері белгілі бір тарихи мәнінің иеленушілері, халық тағдырының куәгерлері болып табылады, сондықтан, өскелең ұрпақты тәрбиелеу үшін қызмет етеді.

Дирекция мақсаты болашақ ұрпақ үшін мәдени мұраның сақталуын қамтамасыз ету. Зерттей және насихаттай отырып, қызметкерлері тарихтың дұрыс түсінігін қалыптастырады. Осылайша, тарих және мәдениет ескерткіштері эстетикалық және тарихи деректердің көздері болып табылады.

Құрметті астана тұрғындары және қонақтары, тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілеріне ұқыпты қараңыз, бұл астананың визиттік карточкасы, қаланың тарихы, сіздің мақтанышыңыз, мұраңыз.

Біздің қызметтер

ТОЛЫҒЫРАҚ

Соңғы жаңалықтар

Медициналық сақтандыру

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

ТОЛЫҒЫРАҚ