Уважаемые жители и гости столицы относитесь бережно к памятникам и объектам историко-культурного наследия, это визитная карточка столицы, история города, ваша гордость, наследие.

Ұйым туралы

Құрметті Астана тұрғындары мен қонақтары!

Астана қаласы әкімдігінің «Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі дирекциясы» МҚКК 2014 жылы 24 желтоқсанда құрылған. Мемлекеттің қорғауында тарихи-мәдени маңыздылығына ие 46 ескерткіштер мен объектілері бар, олардың ішінде: 2 республикалық маңызы бар және 44 жергілікті маңызы бар.

Астана, мәдениеттің көп этностық ортасы болып табылады, бұл сәулет және монументті өнер ескерткіштерінен көрінуде. Бозоқ қалашығы, үнсіз қорғандар, күпес В.Кубриннің үйі, күпес П.Моисеевтің үйі, Б.Қосшығұлов мектебі, Константино-Еленинская шіркеуі, Жәнібек және Керей хандардың, Абай, А.Пушкин, Ж.Жабаев, Шарль де Голь, Б.Момышұлы, В.Панфилов ескерткіштері және тағы басқасы мәдени-тарихи құндылықтар болып табылады, өйткені материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерімен көрсетілген. Тарих және мәдениет ескерткіштері белгілі бір тарихи мәнінің иеленушілері, халық тағдырының куәгерлері болып табылады, сондықтан, өскелең ұрпақты тәрбиелеу үшін қызмет етеді.

«Мәдени мұра» терминін ресми мойындау 1972 жылы ЮНЕСКО-ның «Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны  қорғау туралы» Конвенциясында белгіленді. «Мәдениет ескерткіші» түсінігі тек қана, Кеңес Одағымен 1988 жылы «Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы» халықаралық Конвенциясы ратификацияланған кезде шынайы көрінісіне ие болды.

Астана тек тарихи сәулетімен және ұлы ақындардың, жазушылардың, музыканттардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің ескерткіштерімен ғана емес, сол сияқты заманауи сәулеті мен монументтік өнерімен ерекше. Өзінің концепция мәні бойынша өздеріне тарих және қазіргі заманды біріктіретін және заң бойынша Астананың визиттік карточкасына айналған Бәйтерек, «Қазақ елі» монументі, «Мәңгілік ел» қақпасы өздеріне үлкен назарды аударып отыр. Көптеген объектілер Қазақстан Республикасының және Астана қаласының Әдет-ғұрып карталарына кірді.

Дирекция мақсаты болашақ ұрпақ үшін мәдени мұраның сақталуын қамтамасыз ету. Зерттей және насихаттай отырып, қызметкерлері тарихтың дұрыс түсінігін қалыптастырады. Осылайша, тарих және мәдениет ескерткіштері эстетикалық және тарихи деректердің көздері болып табылады.

Құрметті астана тұрғындары және қонақтары, тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілеріне ұқыпты қараңыз, бұл астананың визиттік карточкасы, қаланың тарихы, сіздің мақтанышыңыз, мұраңыз.

МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ

Астана қаласының
мәдени ескерткіштері мен объектілері

Жаңалықтар

Жаңалықтар мұрағаты

18.01.2018

Русский драмтеатр им. М. Горького готовит спектакль к 20-летию Астаны

18.01.2018

Экспонаты музея «Алжир» представлены на выставке в Назарбаев Университете

18.01.2018

Известный детский писатель Тлеугазы Бейсембек проведет встречу со школьниками в Астане